Мектеп Парламенті
«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ
Мектеп Парламенті
Оқушылардан құрылған өзін-өзі басқару ұйымы мектепте үлкен рөлді атқарады. Өзін-өзі басқару ұйымы Мектеп әкімшілігінің көмекшілері. мектеп Парламенті Президенттен және фракция жетекшілерінен құралады. мектеп Парламенті мектеп ішіндегі з жұмысын жүргізіп қана қоймай, іс-шаралар жұмысын да жүргізеді. Жалпы бұл ұйымның мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін өзі жетілдіруге деген құштпрлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
2021-2022 оқу жылында «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» мектеп Парламентінің Президенті сайлауында 32% пайыз жинап, мектеп президенті болып Касимов Батырхан сайланды. Президет сайлауынан кейін, мектеп Парламентінің фракция жетекшілері сайланды. Парламент мүшелерімен оқу жылына арналған жылдық жоспар құрастырылды. 2021-2022 оқу жылына арналған Парламент жұмысының жоспары жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жоспар бойынша біршама іс-шаралар өткізілді. Нақты тоқталып кететін болсақ, тілдер күніне арналған блиц турнир, эссе байқауы өткізілді. Мектебіміздің бірінші қабатында Адал дүкені өз жұмысын қайта бастады. Адалдық дүкені арқылы оқушыларымызды адалдыққа , шыншылдыққа баулимыз. мектеп Парламенті болып мектебімізде «мектеп белсенділері» қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастыққа әр сыныптан белсенді деген оқушылар жиналды. Мектеп белсенділерімен алғаш отырыс өткізіліп келешекте жоспардағы шаралар бірлесіп жасалатыны мәлімделді. Осы мектеп белсенділерімен белгіленген кесте бойынша мектеп ауласын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта мектеп Парламентінің жоспары бойынша көптеген шаралар жүзеге асырылады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарында» тақырыбында 30 видеоматериал түсіру, мерекелік іс-шаралар, мерей тойлар, дебат ойындарын ұйымдастыру, өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру жоспарлануда.