Бос лауазымдар
Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Сәкен Сейфуллин атындағы № 7 мектеп - гимназиясы» КММ
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі
БОСлауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін конкурс жариялайды.
№ |
Лауазым атауы |
Бос орын саны |
Бос сағаттар саны |
мерзімі |
|
Бастауыш сынып мұғалімі |
2 |
2 жүктеме |
1.Зейнеткер қызметкердің орнына (тұрақты жұмысқа 2.Жүкті әйелдің бала тууына және жаңа туған баланы күтуіне байланысты алған демалыстағы қызметкердің орнына. |
|
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі |
2 |
32 сағат |
1.Зейнеткер қызметкердің орнына (тұрақты жұмысқа) 2. Тұрақты жұмысқа |
|
Ағылшын тілі мұғалімі
|
3 |
48 сағат |
1. Тұрақты жұмысқа 2. Тұрақты жұмысқа 3. Жүкті әйелдің бала тууына және жаңа туған баланы күтуіне байланысты алған демалыстағы қызметкердің орнына. |
|
Математика мұғалімі
|
1 |
16 сағат |
Тұрақты жұмысқа |
|
Информатика мұғалімі
|
1 |
16 сағат |
Тұрақты жұмысқа |
|
Тарих мұғалімі
|
1 |
16 сағат |
Тұрақты жұмысқа |
|
Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы |
1 |
1 жүктеме |
Тұрақты жұмысқа |
|
Әлеуметтік педагог
|
1 |
1 жүктеме |
Тұрақты жұмысқа |
|
Кітапхана меңгерушісі |
1 |
1 жүктеме |
Жүкті әйелдің бала тууына және жаңа туған баланы күтуіне байланысты алған демалыстағы қызметкердің орнына |
|
Кітапхана
|
1 |
1 жүктеме |
Тұрақты жұмысқа |
ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
- ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ:
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер - 5 жыл.
Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
- БАСТАУЫШ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ (БӘжТД)
ОҚУТЫШЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘжТД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын біледі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді,
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады
2) "педагог-модератор":
"педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгерген,
конструктивті және тәлімгерлікті іске асырады, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немеесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтайды:
қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген,
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,
педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асырады және даму стратегиясын конструктивті анықтайды,
облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
"педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) бола алуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, жетекшілік етуді іске асырады және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісіндамытуды жоспарлайды,
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлауы тиіс.
3. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ:
Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, мүдделер мен қажеттілікті, мәселелерді, даулы жағдайларды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар және ұйым, отбасы, орта, түрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
Білім беру ұйымдарында және жеке тұлғаның қоғам өміріне бейімделуін қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девиантты мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімдермен, ата-аналармен және білім алушылардың өзге де заңды өкілдерімен өзара
іс-қимыл жасайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім
беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу телефон бойынша немесе әртүрлі қашықтық
технологиялары құралдары арқылы жүргізіледі: ата-аналармен әңгімелесу, әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының құжаттары және медициналық құжаттардың фотокөшірмелері, электронды пошта бойынша жіберілген сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы.
Онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында әлеуметтік педагогтың баланың
әлеуметтік дамуы үшін қажетті жағдай жасау, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын: тазалық, өзіне өзі қызмет көрсету, үй еңбегі қызметін көрсету, әлеуметтік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру.
Тексеру нәтижелері, баланың құжаттарын зерттеу негізінде ата-аналардың келісімі
бойынша білім беру бағдарламасының түрі және қажетті түзете-педагогикалық қолдау көрсету туралы қорытынды дайындалады.
Қорытынды тіркеледі және скандалған түрде ата-аналардың электронды поштасына
жіберіледі. Қорытындының түпнұсқасын атааналар өздеріне қолайлы кез келген уақытта ала алады.
Егер арнайы педагогикалық, әлеуметтік немесе медициналық қызмет алу үшін ата-аналарға
ПМПК қорытындысының түпнұсқасы қажет болса, олар оны санитарлық-эпидемиялогиялық іс-шараларды сақтаған (маскалық режим) жағдайда ПМПК-дан тікелей ала алады.
ПМПК-да диагностикалық топ бар болғанда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс ОО және ППТК-ға арналған шараларға сәйкес қашықтан жұмыс жүргізу режимінде жүргізіледі.
Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог – модератор":
санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
озық тәжиребені оқып үйрену,
озық тәжиребен тәжірибеде енгізу;
оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау,
білім беру ұйымының әдістемелік топтарының жұмыстарына қатысуы тиіс.
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеру;
шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
3) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшы педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;
әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологияларды құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі;
әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелермен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
- КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ, КІТАПХАНАШЫ:
Кітапхана туралы ережені, Кітапхананы пайдалану ережесін әзірлейді, бекітеді, қажетіне қарай түзетулер енгізеді.
Құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын және есеп беру құжаттарын жасайды; Кітапхана жұмысының есебін жүргізеді;
Кітапхана құжаттамаларын жүргізеді және олардың шынайылығына жауап береді. Атап
айтқанда, мынадай құжаттамалар:
1)инвентарлық журналдар, жалпы есепке алу журналы(салалық басылымдар мен оқу-
құралдарының пайдаланылуы бойынша);
2)мектеп кітапханасы жұмысының күнделігі.
3)оқырмандар жоғалтқан кітаптардың орнын ауыстыру және орнына берілген кітаптарды
қабылдау дәптерлері;
4)келіп түсу және есептен шығару жөніндегі актілік құжаттар;
5)оқулықтар мен оқу-құралдары қорының картатекасы.
Қор жағдайы мен оқырмандар сұранысын зерттеу негізінде Білім беру басқармасының
рұқсат қағазы (разнарядкасы) бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын құрады.
- анықтамалықтарға, энцеклапедияларға, сөздіктерге және классикалық әдебиетке басым
сипат бере отырып ғылыми-танымдық және көркем құжаттар қорын жасақтайды.
- оқу құжаттары мен әдістемелік құжаттарға тапсырыстар береді; Қазақстан
Республикасының жаңа үлгідегі оқулықтар жинақтамалары тізбесін пысықтайды, мұғалімдер мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қойған оқулықтарға тапсырысты ресімдейді, жаңа құжаттардың келіп түсуін қадағалайды т.б.
- дыбыс бейнелі құжаттар қорын толықтырады(техникалық құралдар көмегімен
көрсетілген бейнелі және дыбыстық, мәтіндік ақпараттары бар құжаттар мен).
Кітапхана қоры бойынша:
1)құжаттардың есепке алынуын (келіп түсуін, оқуға берілуін, шығарылуын) жүзеге
асырады;
2) құжаттардың техникалық өңделуін, алынуын ұйымдастырады.
3) құжаттардың жүйелі түрде әліпбилік тәсілмен орналасуын қамтамасыз етеді және
олардан оқушыларға арналған тақырыптық, жанрлық көрмелер ұйымдастырады;
- оқырмандарға берілген құжаттардың пайдаланылуын және қайтарылуын қалағалайды;
Ашық қол жеткізілім жағдайы кезінде кітапхана қорының сақталуына қатысты шараларды қарастырады; оқырмандар мен алдын-ала әңгімелер өткізеді, құжаттарға мұқият болу жөнінде ескертпе-бетбелгілер дайындайды, құжаттардың дер кезінде қайтарылуы үшін тиісті шаралар қолданады т.б.
- ішкі жұмыстар жүргізілетін сағаттар да және санитарлық тазалық күндерінде қорлардың
дұрыс орналасуын тексереді, құжаттарды қарап, ескірген, ғылыми-танымдық құндылығын жоғалтқан, сондай-ақ тұтынудан қалған жөндеуді, қалпына келтіруді қажет ететін құжаттарды анықтайды;
6) директоры қол қойған бұйрыққа сәйкесқорға мезгіл-мезгіл тексеру жүргізіп отырады;
7) кітапхана қорының физикалық сақталуын және талап етілетін сақтау режимдерінің
орындалуын қамтамасыз етеді; өрт қауіпсіздігіне байланысты шаралар қабылдайды.
Абонементке, оқу бұрышында, сыныптарында, оқу кабинеттер- інде
диференнцияланған(саралап жіктелген) кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету ісін ұйымдастырады:
1)оқырмандар қызығушылығын зерттейді:жеке әңгімелесулер, сауалнамалар арқылы;
2)ұжымдық және жекелей мәтін оқу жоспарларын жасайды;
3)оқырмандар формулярында (тіркеу карточкаларына) талдау жасайды.
Оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі және машинамен оқылатын
негіздерге түсірілетін анықтамалық- библиографиялық аппараттарды жасау ісін ұйымдастырады, жүргізеді, редакциялайды және оған жауап береді.
Жұмыстың жеке, топтық және бұқаралық формаларын: әңгімелесу, көрмелер өткізу
библиографиялық шолулар жасау, кітаптарды талқылау, оқырмандардар конференцияларын, әдеби кештер викториналар өткізу шараларын т.б. қолдану арқылы үздік құжаттар үлгілерінің кең таралуына ықпал етеді.
Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білім минимумымен танысуын, яғни:
кітапхананы пайдалану, қорларды орналастыру ережелері мен, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен, кітап құрылымымен және оның безендірілу тәсілдерімен, анықтамалық құжаттармен т.б. танысуын қамтамасыз етеді.
Кітапхананы жабдықтар мен, өндірістік құралдармен, кітапханалық техникалармен
қамтамасыз етеді; заманауи интерьер ұйымдастырады, кітапхананың көркем безендірілуіне жауап береді, оқырмандарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайдалар жасайды.
Компьютерлер болса, жаңа ақпараттық технологияларды қолданысқа ендіреді.
Кітапханада тиісті санитарлық-гигиеналық режимді қамтамасыз етеді.
Кітапхана активін жасақтайды, оқырмандарды(соның ішінде оқушыларды) кеңесші орган-
кітапхана кеңесі мен оқырмандар активінің жұмысына қатысушы ретінде тартады.
Қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға
қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерді оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын кеңес беруші онлайн-кітапханалар жұмысын және қашықтан басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын кітапханашылар, жеке онлайн-консультацияларды жүзеге асырады.
Еңбек ақы мөлшерібілім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.
Тапсыратын құжаттар
Еңбек өтілі бар үміткерлерге:
1. Өтініш
2. Жеке куәлігінің көшірмесі
3. Диплом көшірмесі (қосымшасымен бірге)
4. Біліктілік санаты туралы куәлігі көшірмесі
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
Жас мамандарға:
1. Өтініш
2. Жеке куәлігінің көшірмесі
3. Диплом көшірмесі (қосымшасымен бірге)
4. Тесттен өту сертификаты
Конкурсқа қатысу үшін:
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар пошта бойынша, қолма-қол Балқаш қаласы, Сатпаева ықшам ауданы, 1 ғимарат мекенжайы бойынша, және shkola.gimnaziya7@mail.ruэлектрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 8 (710 36) 5-40-99.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады, 2021 жылғы 20-25 тамыз күндері аралығында қабылдау бөлмесінде қабылданады.