«Мектепке жол» республикалық акциясы
2021 жылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. «Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, бекітілді. Акцияны насихаттау мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, ауласына баннер ілінді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек сұрап 119 оқушының ата-анасы өтініш берді. Оқу-құрал,ұл балалармен қыз балаларға арналған костюм, шалбар,юбка,аяұ киім ретінде 20 тамызға дейін қалған көмек түрлерін беріледі. Үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес құрылымдары акцияға қатысуға тарту мақсатында үгіт-насихат қағаздары таратылды. Таратылған үндеу хаттарымызға жауап ретінде жеке кәсіпкер бір оқушыға оқу-құралдарын толықтай қамтамасыз еттіп, демеушілік жасады.