Размер шрифта:

12.05.2021ж. күні қалалық ювенальды полиция капитаны Б.Ө.Амирхановтың қатысуымен 5-7 сыныптар мен ата-аналарға жазғы қауіпсіздік шараларына орай "Отбасы сағаты" өтті.

Дата: 2021-05-13 09:22:32
 
 
12.05.2021ж. күні қалалық  ювенальды полиция капитаны Б.Ө.Амирхановтың қатысуымен 5-7 сыныптар мен ата-аналарға жазғы қауіпсіздік шараларына орай "Отбасы сағаты" өтті. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.
 
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсіздік бұрышы бөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып,  дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық.  Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларында жүрген жауапкершілік бойынша сұрақтарға жауап алды.
Автор: №7 МГ