Размер шрифта:

Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. 2001 жылдан Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланды. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Наурыз

Дата: 2021-04-13 16:09:00

Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. 2001 жылдан Наурыз мемлекеттік мейрам ретінде жарияланды. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі.

      Наурыз мейрамына орай кітапханада  «Наурыз  - ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Біздің мерекелер», «Қазақ халқының дәстүрлі өнері», «Наурыз», «Алтыбақан», «Қазақтың ұлттық ойындары» т.б. кітаптар мен журналдар қойылды. Кітапханашы оқушыларға  Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүріне, ұлттық киіміне, тағамына, ұлттық ойындарына шолу жасады. Оқушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, наурыз туралы өлеңдерін оқыды.

Автор: №7 МГ