Сынып жетекшілер сағаты!

Дата: 2020-12-24 11:43:44

 

С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында Жаңа жыл мейрамына қарсы алуға байланысты сынып жетекшілерге қауіпсіздік шаралары бойынша сынып жекшілер сағаты өткізілді. Құрметті сынып жетекшілер,ұстаздар! Баршамыз асыға күтетін Жаңа Жыл да таяп қалды. Осы мерекені тойлау кезінде Қытайдан және тағы басқа шетелден әкелінген, сертификаты жоқ пиротехникалық жарылғыш, жанғыш заттардың заңсыз сатылып, адам көп жиналатын орындарда, балалардың кез-келген жерде бей-берекет атып ойнауы салдарынан өрт оқиғаларына, тағы да басқа қайғылы жағдайларға жол беріліп, сонымен бірге өздерінің күйік жарақатын алу фактілері кездесіп жатады.
 
Сондықтан "от жақсы қызметші, бірақ жаман қожайын" - деген мақалды естен шығармай, отты жақсы қызмет ететіндей етіп пайдаланып, оның бізге қожалық етуіне жол бермеуіміз керек. Орыс халқының мынадай бір мақалы бар "Үйге ұры келсе, бір зат алар, ал өрт келсе, бәрін жалмар" - деген. «Жоғарыда көрсетілген жағдайларды болдырмас үшін әрбір азамат, мектеп қызметкерлері тарапынан балаларға бақылау жасап, қадағалап отыруды баршамыздың қауіпсіздігіміз және міндетіміз деп түсінген абзал.

 

Автор: №7 МГ