Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, ақын, жалынды көркем сөз шебері Міржақып Дулатовтың туғанына 135 жыл.

Дата: 2020-11-30 16:23:32
Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, ақын, жалынды  көркем сөз  шебері Міржақып Дулатовтың туғанына  135 жыл.

 «Алаш қайраткері – Міржақып Дулатұлы»

 

Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, ақын, жалынды  көркем сөз  шебері Міржақып Дулатовтың туғанына  135 жыл.

Оқушыларға жазушының өмірі мен  шығармашылық мұрасын таныстыру мақсатында кітапханада 25 қараша күні «Алаш қайраткері – Міржақып Дулатұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, зум платформасы арқылы  7 «Д» сынып оқушыларымен ақпараттық сағат өтті. Шара барысында  кітапханашы  қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан  жазушының  өмірбаянына, адамзатты ескіліктен, мешеуліктен, қанау мен езуден құтқаратын күшті құрал – оқу білім, өнер-ғылым, адал еңбек, әділдік пен адамгершілік мәселелерін көтерген «Оян, қазақ» кітабына,                  5 томдық шығармалар жинағына, қазақ әдебиетіндегі көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» романына қысқаша тоқталып өтті.

Сонымен қатар оқушылар жазушының шығармалары жайлы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісе отырып, ақынның өлеңдерін оқыды.

Автор: №7 МГ