Қазіргі таңда интернет желілерінде балалардың денсаулығына зиянның тигізетін ойындар, видеороликтер таратылып жатыр. Телефонмен отырған балаларыңызға жақындап келіп, арқасынан қағып, басынан сипап ол кіммен сөйлесіп отырғанын, қандай ойын ойнап жатқанын,

Дата: 2020-11-30 09:54:04

Қазіргі таңда интернет желілерінде балалардың денсаулығына зиянның тигізетін ойындар, видеороликтер таратылып жатыр. Телефонмен отырған балаларыңызға жақындап келіп, арқасынан қағып, басынан сипап ол кіммен сөйлесіп отырғанын, қандай ойын ойнап жатқанын, қандай видеороликтерді көріп жатқанын  байқау керек. Балаңыздың қандай сайттарды таңдап, ойнап отырған ойындарына көңіл аударуыңыз керек. Олар балаңызды сіз үйретіп жатқан жақсы істерге үйретпейді. Сайттағы ойындардан балалар мейірімді  және тілалғыш бала болып өсуінің орнына қатал, арсыз, бұзық бала болып өсуіне әкеп соғады. Міне осы қауіпсіз интернет ойының алдын алуда «Интернет желісіндегі қауіпті ойынның алдын алу» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен отбасы сағаты өтті. Отбасы сағатына мектеп инспекторы Тоғайбекова Сымбат Муратовна,әлеуметтік педагог Г.Д.Қанат., және директордың тәрбие жөніндегі орынбасарылары Рахимбеков Ш.Р.,Ерубаева Р.Б. қатысты.

Автор: №7 МГ