30.10.2020. күні, сағат: 16:00 де zoom плотформасы арқылы 8-11 сынып ата-аналарына «Бала өмірі қауіпсіздікте болсын» атты тақырыпта директор сағаты өткізілді.
30.10.2020. күні, сағат: 16:00 де zoom плотформасы арқылы 8-11 сынып ата-аналарына «Бала өмірі қауіпсіздікте болсын» атты тақырыпта директор сағаты өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша;
«Бала өмірі қауіпсіздікте болсын» мектеп-гимназия директоры: Манатаева Гулзада Мукатаевна қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі құқық бұзушылықтың алдын-алу және бала қауіпсіздігі жайында туралы айтып өтті.Құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлар және жалпы оқушылардың қауіпсіздігі мен карантиндік шектеулер, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтың 442,435,434,440 баптар туралы мектеп инспекторы: Тоғайбекова Сымбат Мұратовна және Нұрбек Аян Алтайұлы ата-аналарға толық мағұлмат берді.
Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Қанат Гүлім Дәулетқызы әкімшілік тарапынанкарантиндік жағдайға байланысты «Көше және біз ! » профилактикалық рейд мобильді тобыныңқұрылғанын және оның мақсат міндеттерін таныстырып өтті. Кезекші сыныптағы сабаққа қатысушы оқушылардың отбасы жағдайына байланысты сабақтан өтініш арқылы сұранып, басқа қалаға шыққан жағдайда, « эпид аймақ » туралы анықтама талап етілетіні ескертілді.