18 қазан – Рухани келісім күні
Елімізде жыл сайын 18 қазан күні Рухани келісім күні аталып өтеді. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани конгресті өткен күннен басталады. Рухани келісім ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы баға жетпес байлығымыз.
Рухани келісім күніне орай кітапханада «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Рухани келісім – бірлік бастауы» атты тақырыпта стенд безендірілді. Оқушылар кітап көрмесіне қойылған бірнеше кітаптарға шолу жасап, өздерінің ой-пікірлерін орта салды. Сондай-ақ, кітапханашы 18-қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосқаны, аталған мереке туралы ақпараттар айтып өтті.