Размер шрифта:

09қазан күні 1Ә сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, кітапханамен танысты.

Дата: 2020-10-13 11:18:39
     09қазан күні 1Ә сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, кітапханамен танысты.

Кітапханаға саяхат

 

     09қазан күні 1Ә сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, кітапханамен танысты.

   Мақсаты:оқушыларды кітапханамен, халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен  таныстыру,  ұлттық рухани біліммен қаруландыру, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

 Іс-шара барысында оқушылар  кітапханамен танысып, кітапхана туралы, ережесі, жазылу тәртібі, кітапты күтіп ұстау туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар оқушылар «Ертегілер елінде», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен танысып,  өздерінің білетін ертегілерімен, өлеңдерімен бөлісті.

    Кітапханашы оқушыларға биылғы оқу жылында жаңадан түскен ертегі кітаптармен («Алдаркөсе», «Қазақ ертегілері», «Кім күшті?», «Қағанақбас, қылкеңірдек және шибұт», «Қуырмаш», «Момунбай и семеро разбойников») және «Даналық әліппесі» атты кітаппен, ондағы сөйлейтін қаламның қолдану ережесімен таныстыра отырып, сөйлетін қалам арқылы ертегілер мен өлеңдер тыңдатты .

   Кітапханашы балаларға мейірімділікке, әділдікке және кез-келген жағдайдан жол таба білуге ​​көмектесетін жақсы ертегілер әлеміне енуге көмектесті.

Автор: №7 МГ