«Отбасы құндылықтары»

Дата: 2020-04-27 21:43:38
 «Отбасы құндылықтары»
Құрметті С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының ата-аналары мен оқушылары Сіздерді ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту мақсатында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында қашықтықта өтетін байқауға қатысуға!!!
Байқау шарттары:
Байқауға келесі жас ерекшеліктеріндегі балалар қатыса алады:
Байқауға қатысатын сыныптар: 1-6
Байқауда оқушылар ата-аналарымен отбасы құндылықтарын дәріптеуді көрсете алады:
Байқауға қатысушылар байқаудың шарттарына байланысты әр кезеңге бейнеролик жасауы міндетті.
Байқаудың кезеңдері:
1. Өнер түрлері /домбырада күй тарту, би билеу, мәнерлеп оқу, ән салу, басқада музыкалық аспаптармен орындау,сурет салу /
2. Отбасы тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерді  айту, 
3. Өз отбасының  қалыптасқан салт-дәстүрін көрсету
Байқауға ұсынылған бейнероликтеріңіз мектебіміздің әлеуметтік желілерінде көрсетіледі. 
Қатысушылардың жұмысын бағалау критерилері: -  Бейнероликтің тақырыпқа  сәйкес келуі;
-  Идея ерекшелігі;
-  Шығармашылық деңгейі;
Байқау қатысушыларының жұмысын қашықтықтан әділ қазылар бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
Байқауға қатысу өтінімдері әр сыныптың сынып жетекшілеріне тапсырылады. /электронды почталарыңызды  жазуларыңыз сұралады/
Байқаудың өткізілетін мерзімі: 16-23 сәуір аралығында
Байқау қорытындысын 24 сәуір күні мектебіміздің әлеуметтік желіліерінде жарияланады. Жеңіпаздардың мадақатамалары электронды почталарына жіберіледі.
#балқашбілім
#школадома
#бізбіргеміз
Автор: №7 МГ