Размер шрифта:

Мектеп директорының ата-аналарға үндеуі

Дата: 2020-03-30 11:19:38

                       https://www.facebook.com/100024052027528/videos/664997710978624/


 

 

Құрметті ата-аналар!

             Еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып 6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектепт оқушылары қашықтықтан оқиды.  Қаламыздың білім ордаларында қашықтықтан оқыту бойынша жедел желі жұмысын бастады.  Біздің мектеп-гимназиямыз да төртінші тоқсанды қашықтықтан  оқыту форматында бастайды. Аталған жағдайға байланысты елімізде мектеп оқушылары көктемгі демалысты бір апта ерте 16 наурызда бастағанын білесіздер. Біздің балалар көктемгі демалыстарын тиімді өткізіп жатыр деген сенімдеміз. Ал мектеп-гимназиямыздың ұстаздары болса қашықтықтан оқытуға белсенді дайындалуда, балаларды жаңаша оқытуға өздерінің цифрлық құзыреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда. Жаңа режимде жұмыс жасау  сіздердің де, педагогтардында , балаларымыздан да күш қуатты талап етеді.

          Құрметті ата аналар! Мемлекеттік стандарт бойынша оқушыларымыз оқу бағдарламасын 1, 2, 3 тоқсанда меңгерген болатын,  4 тоқсан сол тоқсандарда алған білімдерін қайталау мен бектіу  екені сіздерге мәлім.  Құрметті ата-аналар сіздерде қорқыныш сезімі бар екенін түсінеміз, сондықтан сіздермен біріге отырып, біздің балаларымыздың білімдерін қайталап, одан әрі толықтырып, атсалысуларыңызды сұраймын.

         Қашықтықтан оқыту форматы ата-аналар сіздер үшін, оқушылар  үшін алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Сондықтан мектеп-гимназиямыздың қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын түсіндіре кеткенді жөн санадым. Біздің ұстаздар қашықтықтан оқыту барысында әлемдегі және еліміздегі озық платформаларды қолданылатын болады. Педагогтар оқыту үрдісін Daryn.online.kz,Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, ZOOM, Skype секілді ресурстар арқылы және ватсап пен телеграмм желілері арқылы жүргізеді.

      Сонымен қатар, ұстаздар мен балаларға «Балапан» мен «ЕлАрна»  телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі.  Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына , оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Біздің мектеп аталған платформалардың ішіндегі Daryn.online.kzплатформасына тіркеліп жатырмыз. Осы жүйе арқылы жұмыс жүргізіледі.Әрине білімал жүйесінде  қалыптасқан жұмыстар жүріп тұрады. Бекітілген сабақ кестесін, бағдарламасын және он-лайн шығу графигін сынып жетекшілер сіздерге жеткізіп отырады. Енді сіздерді Мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жоспарында берілген оқу жүктемелерімен таныстырып өтейін. Мысалы:  бастауыш сыныпта орыс тілі аптасына 2 сағат болса, сәуір айында оқу аптасы 4 аптаны құрағандықтан, барлығы 8 сағат оқиды, ал мамыр айында оқу аптасы 3 аптаны құраса, барлығы  6 сағат оқиды. Сонда 4-тоқсанда орыс тілі пәнін  оқушы барлығы 14сағат оқиды. Орта буын бойынша 5-сыныпта  қазақ тілі 3 сағатты құраса, сәуір айында 12 сағат, мамыр айында 9 сағат оқиды. Жоғары сыныптар бойынша 9-сыныпта Қазақ әдебиеті аптасына 2 сағатты құраса, сәуір айында 8 сағат, мамыр айындағы 3 аптада 6 сағат оқытылады.

Құрметті ата-аналар!

         Сынып жетекшілер сіздермен және біздің балаларымызбен үнемі байланыста болады. Кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін сіздермен хабарласып, сол күнгі   өткен сабақтар бойынша, сабаққа қатысулары бойынша, үй тапсырмасы мен  мектеп бітіретін түлектердін қосымша дайындықтары бойынша толық ақпармен алмасасыздар. Күнделікті сынып жетекшілердің ақпаратын мен сараптап отырамын. Егер балаларымыз он-лайн сабаққа шықпай қалса, ауырып қалса, электр желі істемей қалған жағдайларда сынып жетекшісіне дереу ескертіп отырыңыздар.

        Сондықтан сіздерден қолдау мен қадағалауды сұраймыз, балаларымыздың бақытты болуы біз бен сізге тікелей байланысты.

        Ұстаздарымыз бен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!

       Сіздерге, жақындарыңызға да амандық тілеймің!

Осы мәселелерге байланысты туындаған  сұрақтарыңыз болса тікелей менің ұялы телефоныма хабарласуларыңыз сұралады: 87001448172

       Құрметті ата-аналар, сіздермен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді де абыроймен еңсере алатынымызға сенім білдіремін.

Біз сіздермен біргеміз!!!

Автор: №7 МГ