Тәрбиелік іс- шаралар

Бейбітшілік –ел тілегі

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-05-03 22:14:11
Бейбітшілік –ел тілегі
2023 жылдың 28 сәуір күні Абай атындағы № 2 мектеп – лицейінде 1 мамыр–Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік –ел тілегі» тақырыбында саптық жиын өтті. Саптық жиында 9 В және 4 В сынып оқушыларының үгіт –насихат топтары мерекенің маңыздылығына, тарихына тоқталып өтті. Саптық жиында қалалық, мектепішілік байқауларда жүлделі орын алған оқушылар...

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-05-02 08:34:23
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
24-сәуір күні "Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты ақпараттық стенд жасалды. Мақсаты - Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығынан хабардар ету. Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.  Берілген ақпараттар арқылы біздің ел кө...

Спорттық ойындар

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-27 11:18:00
Спорттық ойындар
2023- жылдың 4- сәуірі күні мектеп- лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байсақалов С.У. орта буын оқушыларымен ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлттық ойындарды насихаттау, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы икемділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Денсаулықты шынықтыра білуге үйрету.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-23 21:26:35
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
2023- жылдың  21- сәуірі күні 4- сынып оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған эссе байқаулары өтті.  Мақсаты: Рәміздерді құрметтеп, қастерлеуге, еліміздің құндылықтарының үш негізі- Рәміздер туралы өз ойларымен бөлісіп, жеткізе білуге тәрбиелеу.

Мен Мемлекеттік Рәміздерімді құрметтеуге міндеттімін !

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-23 21:19:34
Мен Мемлекеттік Рәміздерімді құрметтеуге міндеттімін !
20.04.2023 күні мектеп- лицейде  Мемлекеттік рәміздер-бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екендігін жан-жақты жеткізу мақсатында 6-  сыныптарда “Мен Мемлекеттік Рәміздерімді құрметтеуге міндеттімін !” атты танымдық сабақ өтті.

Біз сыбайластыққа жол жоқ дейміз!

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-23 20:51:55
Біз сыбайластыққа жол жоқ дейміз!
2023- жылдың 18- сәуір күні Адал ұрпақ клубының мүшелерімен «Біз сыбайластыққа жол жоқ дейміз!» тақырыбында эссе байқауы өтті. Мақсаты: Оқушылардың сыбайластыққа қарсы ойларын білу,  оқушыларды адал жолмен жүруге баулу. 

Мамандықты дұрыс таңдаудағы отбасының рөлі

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-23 20:44:30
Мамандықты дұрыс таңдаудағы отбасының рөлі
2023 жылдың 19-сәуірі күні мектеп-лицейде оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында 10-сынып оқушыларымен "Мамандықты дұрыс таңдаудағы отбасының рөлі" атты тренинг өтті. Оқушылар мамандық таңдауда ата-аналарымен пікір алмасудың маңызы туралы көзқарастарын білдіріп, "Жаңа мамандықтар атласы " платформасымен жұмыс істеуге дағдыланды. "Wordwall" платформасымен маманды...

Жасыл Қазақстан

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-19 23:21:07
Жасыл Қазақстан
«Жасыл Қазақстан» экологиялық  сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде 17.04 күні бастауыш сыныптар арасында «Құстар біздің досымыз», 5-6 сыныптар арасында экологиялық сана мен оқушылардың әлемге деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Біз көппіз- Жер бір!», 9-11 сыныптарында «Қалдықсыз өндіріс-э...

Толағай

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-16 01:12:01
Толағай
13.04.2023 жылы. Бүгін мектеп- лицейде оқушыларды ойлы да, жігерлі, батыл, өзіне- өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік тұлға қалыптастыру мақсатында  5- 6- сыныптар арасында "Толағай" спорттық сайысы өтті. Сайыс барысында белсенді топтарды және ерекше көзге түскен оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Сайысты дене шынықтыру мұғалімдері: Ахмет З.Ә және Кәрібай Н.Қ ұйымдасты...

Көңілді старт

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-16 01:02:41
Көңілді старт
2023- жылдың 12- сәуірі күні мектеп- лицейдің  1- 4- сынып оқушыларының арасында "Көңілді старт" спорттық жарысы өтті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортқа баулу, түрлі ойындар ойнату арқылы икемділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. Денсаулықты шынықтыра білуге үйрету.

Sanaly Urpag

Дәреже: Тәрбиелік іс- шаралар
Дата: 2023-04-16 00:50:00
Sanaly Urpag
03.04.23 күні 9- сыныптар арасында «Sanaly Urpag» еліміздің заңдарын, құқықтық тәрбиені меңгеру тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.          Іс-шараның негізгі мақсаты: Жасөспірімдердің конституциялық міндеттері мен құқықтары жайлы білімдерін бекіту,құқықтық сананы қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және орындауға тәрбиелеу болып табылды.

бiрiншiсi 1 8 9 10 11 12 53 соңғысы