«Еңбек күніне» орай іс-шаралар жоспары аясында «Халықтың еңбегімен Отан мықты» атты кітап көрмесі

Дата: 2023-09-27 18:17:50
«Еңбек күніне» орай іс-шаралар жоспары аясында «Халықтың еңбегімен Отан мықты» атты кітап көрмесі
   Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2013 жылғы қарашада жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Еңбек күні бекітілді. Елімізде Еңбек күнi мерекесі қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде тойланады. Адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман нағыз еңбек адамы екендігін дәріптеу мақсатында мамандықтардың «Еңбек галереясы» жинақталып, «Халықтың еңбегімен Отан мықты!» атты кітап көрмесі қойылып, білім алушыларға таныстырылды.