Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті.

Дата: 2023-09-20 18:13:08
Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті.
Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі
20 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында жыл сайын жүргізілетін 8-10 сынып білім алушыларының арасында Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 Б сыныбынан Сейдығали Асия Мұқағалиқызы (жетекшісі Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызы); 9 Б сыныбынан Қайратқызы Нұрай, 10 А сыныбынан Махсутова Мадина Мейрамбекқызы (жетекшілері Имухаметова Салтанат Сабиткызы) қатысты. Қалалық кезең шарты бойынша 8-10 сынып білім алушылары 60 сұраққа және берілген 4 тақырып аясында өздері таңдаған тақырыпқа эссе жазу тапсырмалары негізінде жарысқа түсті. Нәтижесінде 10 сынып оқушылары арасында мектеп-лицейіміздің 10 А сынып оқушысы Махмутова Мадина (жетекшісі Имухаметова С.С.) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапат құтты болсын!