27 қыркүйек «Еңбек күні»

Дата: 2023-09-25 22:02:28
 27 қыркүйек «Еңбек күні»
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-інде «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты сынып сағаты 9 «А» сыныбында Н.Қ. Пірімбетованың жетекшілігімен өткізілді. Ерен еңбегі үшін  Президентіміздің  қолынан «Еңбек Даңқы ордені» марапатын алған, Балқаш механикалық жөндеу зауытының металл өңдеушісі – Қасымбеков Нұрғазы Әділғазыұлының еңбек жолы мен зауыттың күнделікті өмір тіршілігінен хабардар болды. 
Мақсаты: Адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау. Білім алушыларға өзіне жүктелген міндетті орындау үшін барын салып еңбек ететін білікті маман нағыз еңбек адамы екендігін дәріптеу. Әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, өмірінің өзегін еңбекпен бағалаған адал азаматтардың (жұмыскер, қызметкер, өндіріс адамы) нағыз еңбек жолын насихаттау.