Размер шрифта:

Құттықтаймыз!

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-03 15:16:48
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің балалары «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК «Балауса – 2022» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен қалалық «Денсаулық марафоны» байқауына белсене қатысып, жүлделі І орынмен марапатталды. Құттықтаймыз! #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ

№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің 3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-03 15:03:20
№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің     3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
​№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 3-маусым күні «Ертегілер елінде» тақырыбында сахналық қойылым сайысы өткізілді. Балалар топтарымен бір ертегіні таңдап, кейіпкерлерінің кейпіне еніп өз өнерлерін ортаға салды. Соңында «Ең үздік», «Ең әсерлі», «Ең ерекше», «Ең қызықты» қойылым көрсеткен топтар анықталып, марапатталды. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @...
Автор: №9 ОМ

«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің 3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-03 14:57:30
 «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің     3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
​№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 3-маусым күні І, ІІ топтар арасында «Күлкі және біз» тақырыбында эмблема сайысы өтті. Балалар көңіл-күйлерін қағаз беттеріне түсіріп, көңілді эмблемаларын бір-біріне сыйға тартты. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ

«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің 3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-03 14:52:44
«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің  3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 3-маусым күні «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Балалар тілектер жазылған жүрекшелер жасап әкеліп қала тұрғындарына таратты. Мақсаты: жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ

«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің 3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-03 14:49:37
«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің   3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
​№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің балалары 3-маусым күні Балқаш көлінің жағасына саяхат жасады. Балалар көл жағасында саздан қалашық тұрғызып, бір-біріне су шашып көңіл көтеріп, әртүрлі спорттық ойындар ойнап қайтты. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ

«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің 3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-03 14:41:45
«Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің     3-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
​№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 3-маусым күні ІІІ, ІV топтар арасында «Менің арманымдағы ел» тақырыбында фантастикалық жобалар жасады. Жоба барысында балалар арман-қиялдарына ерік беріп, болашақ қалаларын бейнеледі. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ

Жазғы мектеп-2022

Дәреже: Летняя школа - 2024
Дата: 2022-06-03 14:38:30
Жазғы мектеп-2022
«№9 жбб мектебі» КММ-де 03маусымда 1-4 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп-2022» өз жұмысын жалғастырды. «Білім – өмір шырағы». Білім – бұл қолдағы шырақ. Білім теңіз түбіндегі гауһар тас. Сол білімнің шыңына жетуге оқушыларымыз күн сайын талаптанып, оқу материалдарын меңгеруде. #uo_krg #ҚОББТӘРБИЕ @go_balkhash #балалар жылы09
Автор: №9 ОМ

9 сыныптар орыс тілі мен әдебиеті пәнінен (жазба) мемлекеттік емтихан тапсырды.

Дәреже: Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы
Дата: 2022-06-03 12:09:08
9 сыныптар орыс тілі мен әдебиеті  пәнінен  (жазба) мемлекеттік емтихан тапсырды.
03.06.2022ж №9 жалпы білім беретін мектебінде 9 сыныптар орыс тілі мен әдебиеті  пәнінен  (жазба) мемлекеттік емтихан тапсырды.
Автор: №9 ОМ

1-4 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп-2022» жұмысы

Дәреже: Летняя школа - 2024
Дата: 2022-06-03 11:47:04
1-4 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп-2022» жұмысы
№9 жалпы білім беретін мектебі  02 маусым 2022 ж  1-4 сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп-2022» өз жұмысын жалғастырды. Баланың қабілетін,зейінін,қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтері пайдаланылды. Сабақ дидактикалық материалдарды,техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланылып жүргізілді, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдаланылды.
Автор: №9 ОМ

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» бойынша өткізілген іс –шараның ақпараты

Дәреже: Әлеуметтік -педагогикалық қызмет
Дата: 2022-06-03 09:51:47
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» бойынша өткізілген іс –шараның ақпараты
2022 жылдың 3 - маусымында мектебімізде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» аясында «Балалар денсаулығын кез келген еңбектен қорғау» тақырыбында жазғы мектептің 3-4 сынып оқушыларына кітапханашы Г.Кәрім дәріс өтті. Мақсаты: Оқушылардың өз құқықтарын біле отырып адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу. Дәріс соңыңда оқушыларға кітапшалар таратылды.
Автор: №9 ОМ

11 сыныптар Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) мемлекеттік емтихан

Дәреже: Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы
Дата: 2022-06-02 21:04:26
11 сыныптар Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) мемлекеттік емтихан
02.06.2022ж №9 жалпы білім беретін мектебінде 11 сыныптар Қазақстан тарихы пәнінен (ауызша) мемлекеттік емтихан тапсырды.
Автор: №9 ОМ

№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің 2-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2022-06-02 14:42:31
№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінің     2-маусым күні өткізілген іс-шаралар ақпараты
​№9 ЖББ мектебі жанындағы «Балдәурен» жазғы-сауықтыру лагерінде 2-маусым күні «Спортсыз күн жоқ!» тақырыбында спорттық ойындар ойнатылды. Балалар топтарға бөлініп әртүрлі ойындар ойнап, сайысқа түсті. Ойыннан кейін балалар тәтті балмұздақ жеп көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне қайтты. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ

бiрiншiсi 1 92 93 94 95 96 170 соңғысы