“Reading time”
Дәреже:
Дата: 2019-12-04 14:40:01
Мектебімізде әр сейсенбі сайын екі аусымда да «Reading time» -жаппай кітап оқу уақыты өткізіледі. Бұл шара «100 кітап» жобасы аясында жыл бойы тұрақты өткізіліп тұрады. «Reading time» уақытына бөлінген 15 минут ішінде әркім өзі қалаған кітабын оқуына болады.
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби іс – шара
Дәреже:
Дата: 2019-11-12 14:47:40
2019 жылдың 11 қазанында мектеп кітапханасында дала дауылпазы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби іс – шара өтті. Іс – шарада ақынның өлеңдерінен, поэмаларынан үзінділер оқылып, өмір жолынан видеолар көрсетілді, әндері тыңдалды.
Мақсаты: жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен ақынның өм...
Сен де оқы, мен де оқимын
Дәреже:
Дата: 2019-11-08 12:41:03
Мектеп кітапханасында 2,4 сыныптардың қатысуымен «Сен де оқы,мен де оқимын» жобасы аясында іс – шара өтті. Бұл іс – шараның мақсаты : бастауыш сынып оқушыларының арасында оқырман қызығушылығы мен оқу сауаттылығын дамыту, яғни оқушыларды кітап оқуға шақыру.
Халықаралық қыздар күні.
Дәреже:
Дата: 2019-11-05 08:41:35
11 қазан халықаралық қыздар күніне орай мектеп кітапханасында , 2019 жылдың 10 қазанында, «Қазақстанның және әлемнің әйгілі әйелдері» атты ақпараттық сағат өтті. Іс – шараға 11 сыныптың қыз балалары қатысты.
18 қазан – рухани келісім күні!
Дәреже:
Дата: 2019-10-29 12:12:56
Бұл айтулы мереке, 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төралығымен Бірінші «Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алған. Мектеп кітапханасында осы мерекеге орай «Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы» атты көрме ұйымдастырылып, оқушыларға ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды әлемдегі болып жатқан түрлі қақтығыстар мен жан...
8-11 сынып оқушыларының олимпиадасы туралы
Дәреже:
Дата: 2019-10-29 12:11:04
28.10.19 ж мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 8-11 сынып оқушылары әр пән бойынша қатысты.
Кітапханаға саяхат
Дәреже:
Дата: 2019-10-08 09:48:09
7 қазан күні 1 сынып оқушыларымен мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар кітап көрмелерімен, балаларға арналған мерзімдік басылымдармен танысты.
Мақсаты: оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл
Дәреже:
Дата: 2019-10-07 16:34:17
Айта кету керек, 30 мамыр күні ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 2020 жылы ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл мерейтойға біздің мектебіміз де бір кісідей атсалыспақ. Осы мақсатта мектеп кітапханасында "Абай - дара, Абай - дана қазақта!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақын шығармаларымен қатар, мерзім...
11 сыныптар арасында химия, биология, физика, математика пәндерінен Х Президенттік олимпиада
Дәреже:
Дата: 2019-09-23 11:58:58
17 қыркүйек 2019 жылы Жаратылыстану-математика бағыты бойынша қаладағы 11 сыныптар арасында химия, биология, физика, математика пәндерінен Х Президенттік олимпиада жалпы білім беретін №9 орта мектеп базасында өтті.
Олимпиаданы қалалық оқу бөлімінің методисті К.К Айнабекова қатысушыларды құттықтап, оларды олимпиада ережесімен таныстырып өтті. Олимпиадаға қатысушылар берілген у...
«Балқашым-бағым» танымдық кеш
Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2019-06-13 10:02:34
07.06 күні мектебімізде «Балқашым-бағым» танымдық кеш өтті. Балқаш қаласындағы мәдени ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру мақсатында өткізілді. Осы күні №9 мектептің атынан балалар қалалық «Дружи с акватикой!» атты спорттық жарысқа қатысып, жүлделі орын алды.
«Туған күн кешінде»
Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2019-06-13 09:59:37
06.06 күні мектебімізде «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығының оқушыларының қатысуымен «Туған күн кешінде» атты қойылым, концерт өткізілді. Мақсаты:Туған күн мерекесі жайлы пікір алмасу және ауызша қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, маусым айында туған оқушыларды құттықтау мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Рәміздер күні
Дәреже: "Балбұлақ" жазғы сауықтыру лагері
Дата: 2019-06-04 14:48:54
04.06 күні - 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай №9 ЖББОМ жанындағы «Балбұлақ» сауықтыру лагерінің оқушылары мен жазғы алаң оқушылары мерекелік іс-шараға тартылды. Мектептің спорт залында мерекеге сай патриоттық әндер ойналып тұрды. Жазғы алаң оқушылары арасында Спорттық «Спорт time» ойыны жүргізілді. Жазғы мектептегі бастауыш сынып оқушылары арасында...