Бiздiң жетістіктер

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-05-05 09:32:21
Құттықтаймыз!
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Қазыбек Нұржанов атындағы мектеп оқушыларының “Отан үшін жан қиған ер” Vl  аймақтық көркемсөз байқауына қатысып,мектебіміздің 8 Б  сынып оқушысы Нұржан Мұхамед жүлделі ІІ орынмен  марапатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-05-05 09:28:32
Құттықтаймыз!
Қалалық «Мағжан оқулары» байқауының «Мағжан поэзиясы-метафоралық бейнеде», «Өлең-менің Шолпаным,Айым,Күнім», «Жасынан оқу оқып өнер қуған» номинациялары  бойынша жүлделі ІІ,ІІІ,ІІ орындармен Несіпбаева Аяулым, Құдайбергенова Аделя,Абдирбаева Мөлдір марпатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-05-03 09:22:43
Құттықтаймыз
    Балқаш қаласының 85 жылдығы және "Балалар жылы" аясында, Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Мектеп лигасы" қала біріншілігінде мектебіміздің волейбол командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-29 10:07:52
  Құттықтаймыз!
 Кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық кооледжінің ұйымдастыруымен өткен  Отан қорғаушылар күніне орай  «Жас Ұлан» әскери –спорттық сайысында  №9 ЖББ мектебінің оқушылары жүлделі ІІІ орынмен марпатталды.     
Автор: №9 ОМ

«Жас шежіреші-2022» қалалық байқаудың ақпараты.

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-27 18:08:28
«Жас шежіреші-2022» қалалық байқаудың ақпараты.
Құттықтаймыз! Мектебіміздің 6-сынып оқушылары 27.04.2022ж күні Балқаш қаласының 85 жылдығының және «Балалар жылы» аясында қала мектептерінің ізденіс топтары арасында ұйымдастырылған еліміздің, өлкеміздің, туған қаламыздың тарихын зерттеуге, іздестіруге жұмысын дағдыландыруға бағытталған «Жас шежіреші-2022» қалалық байқауына белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» пен № 9 ЖББ мектебі марапатт...
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-27 10:52:39
Құттықтаймыз!
«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаныма- менің бастамам» атты республикалық шығармашылар жобалар байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орынға ие болған Досымбекова Даяна дипломмен марпатталды.
Автор: №9 ОМ

Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған «Балқаш шежіресі» атты байқаудын ақпараты

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-16 10:31:18
Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған «Балқаш шежіресі» атты байқаудын ақпараты
Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған «Балқаш шежіресі» атты қалаллық сұлба мен сәндік қолданбалы бұйымдар, қолөнер туындылары байқауына белсене қатысқаны үшін III орын Айкерім Бөде марапатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-13 09:35:58
Құттықтаймыз!
Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Ғарыш балалар көзімен!» қашықтықтан өткізілген шығармашылық байқауына мектебіміздің 1Б сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-13 09:34:11
Құттықтаймыз!
Мемлекетіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтап өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған, «Батыр баба -Ақжолтай» атты «Жас Сарбаз» клубтары арасында өткізілген қалалық саптық сайысында қатысқаны үшін құрмет грамотасы мен  №9 ЖББ мектебі марпатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-04-02 09:24:27
Құттықтаймыз!
«Көктем өмірдің оянуы –жастар энергиясы» атты қашықтықтан өткізілген медиа- презнтация байқауына қатысып жүлделі ІІ орынмен Бөде А., Болат А., марапатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-03-24 10:36:42
Құттықтаймыз!
  “Болашақ” пікірсайыс клубының ұйымдастырылуымен “ҚОҢЫРАТ CUP VI ЕРЕКШЕ MIX 2022” атты оқушылар мен студенттер арасындағы пікірсайыс турнирінде  жүлделі І орынмен, 9 Ә сынып оқушысы Алпысбаева Аяна,"Көркем сөз иесі" номинациясымен Өмірғазы Аяулым марапатталды.
Автор: №9 ОМ

Құттықтаймыз!

Дәреже: Бiздiң табыс
Дата: 2022-03-03 11:44:13
Құттықтаймыз!
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы  Мұқағали  Мақатаев оқуларының облыстық байқауында  «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша  жеңіске деген ынтасы үшін Төлеубеков Ерсағын марапатталды.
Автор: №9 ОМ

бiрiншiсi 1 7 8 9 10 11 15 соңғысы