«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітапханада Жыл кітабы –С. Торайғыров шығармаларына арналған кітап көресі ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу мен насихаттау мақсатында «Бір ел - бір кітап» акциясы ұсынған Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын оқыту, өмірі туралы жан - жақты мағлұмат беру, шығармашылығының мазмұны мен маңызын ашу.Қазақ тілі пәні мұғалімдерімен бірге аталмыш акция барысында С.Торайғыров шығармашылығына арналған «Алаштың ақиығы Сұлтанмахмұт Торайғырұлы» атты әдеби -кеш өткізілді. Кеште ақынның өмірі мен шығармаларынан мағлұмат беріп, «Өмірімнің уәдесі», «Шілде», «Адасқан өмір», «Анау –мынау», «Жарлау», «Бұлар кім?», «Алаш ұраны», «Шығамын тірі болсам адам болып» атты өлеңдерін 6 а сынып оқушылары мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге 7 А сынып оқушылары қалалық жасөспірімдер кітапханасында өткен С.Торайғыров шығармалар сайысына қатысып мақау қағаздарымен марапатталды.
