2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың сараптамасы

Қарағанды облысы білім басқармасы білім бөлімінің «Балқаш қаласы білім бөлімінің  жалпы білім беретін №5 мектебі» КММ

2022-2023 оқу жылындағы мектепішілік бақылаудың сараптамасы.

Тамыз –кыркүйек айларындағы мектепішілік бақылау  оқушыларды жетіспейтін оқулықтармен оқушыларды қамту жұмыстары жүргізілді,  кітапханашының жұмысы жүйеленді. Оқушылардын мектепке тарту  базасын анықталды, тізім құрылды және тегін тамақтандыруға сынып жетекшісі тарапынан құжаттар дайындалды.Отбасы төмен, оқушыларының тегін тамақтанумен қамту, «Мектепке жол » акциясы өткізілді. Педагогтарды 2022-2023 оқу жылына арналған нормативтік құжаттармен таныстырылды. Бірлестік жетекшілеріне тапсырма берілді оның орындалысы қарастырылды. «Білімал.Электронды журналы» функцияларымен таныстырылды. Мектеп іс-қағаздарын жүргізуге қойылатын талаптар (элект. журналы, күнделікті сабақ жоспарлары) айтылып орындалысы қадағаланды. Әдістемелік жиналыстарда айтылып отырды. БЖБ,ТЖБ, зертханалық, сарамандық жұмыстарының кестесі бекітіліп әр тоқсан сайын директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары Мұхаметжан Т.Д мен оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т Асылбекова  тексеріп анықтамаларын жазып, ескертулер жасалып отырды. Ол ескертулердлің орындалысы қадағаланды.Пән бірлестіктері бойынша үйірмелердің,табысты оқушылармен, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарларын талданды. Білім жетілдіру курсына баратын мұғалімдердің тізімі құрылды, перспективалық жоспар жасалды. Жаңа оқу жылына мұғалімдердің оқу жүктемелері бөлінді, лауазымдық міндеттер бөлінді. 2022-2023 оқу жылының қазан айынан бастап, жас маман биология пәні мұғалімі, Караталова Зарина Сериковнаға тәлімгерлік тағайындалып, жас маманды жұмыс қағидаларымен толық таныстырылды. Келесі оқу жылына қойылатын міндет қойылды. Мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу мәселесі, аттестациялау ережелерімен таныстырылды «ПедАтт» порталының сапалы толтырылуы қадағаланды. Жылдың басында Бірлестік жетекшілердің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді және жылдың соңында әрбір бірлестік жетекшісі жылдық есептерін тапсырды. Жылдың басында кіріспе диагностикалары сараланып анықтамалары жасалды. Білім алушылардың білім деңгейіндегі олқылылықтары анықталды. Олармен әрі қарай жұмыс барысы жоспарланды. Мектепшілік,  қалалық пән олимпиадасына және  оқушылардың ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  жоспары бекітілді және қортынды жасалып отырды.

Қазан айында: Дене шынықтыру, еңбек, химия, физика, информатика пәндері  және үйірме сабақтары бойынша  техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жұмыстары тексерілді және ақпары жазылды. Сынып жетекшілерінің жұмыстары бақыланды.Оның ішінде тәрбие жұмыстары, сынып жетекшісінің  сынып журналдарымен жұмысы (білімал электронды журнал) текеріліп отырды. Ескертулер айтылды және есекрту жойылып анықтама жазылынып отырды. Ағылшын тілі пәнінің берілу жағдайы 3-9 сыныптарда білім беру деңгейлері тексерілді.Өміртай А.Б, Какенова А.Т, Жуматова И.Ж мұғалімдерінің сабақтарында ағылшын пәнінен білім алушылардың деңгейі, қабылдауы  тексерілді және тексеріс бойынша анықтама жазылды.Пән апталығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы» жоспарланды.Жоспарланған  іс –шаралары мерзімінде өткізілді. (кіші конференциялар, пікір –сайыстар, дөңгелек үстелдеркездесулер, ашық сабақтар, коучингтер)1,5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі және қиындықтарын анықтау жұмыстары бақыланып, олқылықтарды жою үшін психологтармен тренингтер жүргізілді.

Қараша айында:  Оқу бағдарламасының стандартқа сай орындалуы тексерілді. Оның ішінде КТП , сабақ жоспарлары, сынып журналдары, оқу пәндерінің берілуі.Сынып жетекшісінің, сынып  оқушыларының жеке іс-қағаздарын жүргізілуі тексерілді.2-4 сыныптарда қазақ тілі пәнінің берілу жағдайы, бақылау  үзігін алу бақыланды және анықтамалары жазылды.

9  сыныптағы PISA, ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысы тексерілді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарланды,инклюзивтік білім берудің талапқа сай жүргізілілуіне байланысты  қадағаланды. 2-9 сыныптарда математика пәнінің берілуі тексерілді.Олқылықтар анықталып,ұсыныстар айтылды. Анықтамалар жазылып, ескертулер түзетілді. Пән апталығы: «Ағылшын тілі және орыс тілі  апталығы»  жоспарланды. Жоспарланған  іс –шаралары мерзімінде өткізілді. (кіші конференциялар, пікір –сайыстар, дөңгелек үстелдеркездесулер, ашық сабақтар, коучингтер)Интернет желісіне ақпарлар салынды. 1,5 сынып оқушыларының және жаңадан келген оқушылардың  буын талаптарына  бейімделуі бақылау мақсатында икемделу қорытындысы  жасалды. Мұғалімдердің интернет   олимпиадасына қатысуы қадағаланды.Біліктілік санатын көтеру мақсатында аттестациядан өтетін мұғалімдердің өз өтініштері бойынша  перспективалық жоспар құрылды және әкімшілік тарапынан сабақтарына қатысу жоспарланды. Анықтама жазылды.

Желтоқсан айында:Кітапхана жұмысының жүргізілуі қадағаланды. Қазақ тілі,қазақ әдебиеті, әліппе  пәндерінің оқытылуын  9 сыныптардағы негізгі пәндердің жүргізілуі тексерілді және анықтамасы жазылды. Диагностика

ІІ оқу тоқсаны қорытындысы Оқу техникасы (1-4сынып  БЖБ, ТЖБ-ның қорытындысы (2- 9сынып) оқушылардың білім сапасы (2 тоқсан қорытындысы) тексеріліп анықтамасы жазылды. Пән апталығы: «Тарих және құқық апталығы» жоспарланды. Жоспарланған іс –шаралары мерзімінде өткізілмеді. Ескерту жасалды және ескерту ескерілді.9  сыныптағы PISA, ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысы тексерілді.1 жартыжылдық бойынша мұғалімдер рейтингісі шығарылды.Дәрісханалардағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы ақпар берілді.

Қаңтар айында: І жарты жылдық бойынша  оқу бағдарламасының стандартқа сай орындалуы, нормативке сәйкес оқу бағдарламаларының орындалуы тексерілді. Мектеп құжаттарының жүргізілуі  тексерілді. (оқушылардың жеке іс- қағазы, алфавиттік кітап  ) Тексеріліп анықтамасы жазылды. Химия,биология, физика пәндерінен өтілетін сарамандық, зертханалық  жұмыстардың барысы жоспарланды..Тексеру сауаттылығы бақылау нормасының сақталуы тексерілді. Табысты және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысы тексеріліп ақпары жазылды. Пән апталығы:

«Математика-физика, жаратылыстану бағыты, эстетикалық бағыты » пәндер апталығы жоспарланды. Жоспарланған  іс –шаралары мерзімінде өткізілді. (кіші конференциялар, пікір –сайыстар, дөңгелек үстелдеркездесулер, ашық сабақтар, коучингтер)Интернет желісіне ақпарлар салынды.Қалалық пән олимпиадасының қорытындысы әр тоқсан сайын есебі жасалып отырды.Аттестациядан өтетін мұғалімдерді аттестаттау ережесімен,бұйрықпен таныстырылды, нұсқаулығы берілді. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің папкаларын комиссия мұшелері қарап, ұсыныстарын айтты.Оқу бөлмелері мен спорт бөлмесінің санитарлық жағдайға сай болуы, қауіпсіздіқ ереже бұрыштарын, стендтері болуын қадағалау ақпары жазылды.

Ақпан айында:Оқу процесінің нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асуы. сабақ кестесі, оқу жоспары, БЖБ, ТЖБ, вариативтік сабақтардың жүргізілуі бақыланып ақпары жазылды. Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын  анықтау, каллиграфиясын тексеру барысында ескертулер айтылды. Олқылықтар жойылып ескертулер түзетілді. Көркем еңбек, музыка  пәндерінің берілу жағдайын тексеру барысында білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтары тексеріліп, анықтама жазылды. 2-9 сыныптардағы вариативтік сағаттардың берілуі жайлы ақпары берілді.Оқушылардың білім сапасына назар аудару. Білімал ЭЖ-ға күнделікті ағымдағы бағалардың қойылуын қадағаланып анықтамасы жазылып отырды. LS зерттеуі бойынша фокус –топтар қызметінің тиімділігін бағалау бақыланды, талданды.

Наурыз айында: БЖБ, ТЖБ қойылатын талаптың орындалуын бағалауды, КТЖ сараптамасы, вариативті компонент бағдарламасын талапқа сәйкестігін бағалау тексеріліп анықтамасы жазылды.  Даярлық сыныптардағы пәндердің берілісі жоспарланды, бірақ ол жүзеге аспады. Ескерту айтылды.Мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуде  мемлекеттік білім беру стандартының орындалуы бақыланды және ақпары жазылды. Пән апталығы «Бастауыш пән апталығы» жоспарланды. Жоспарланған  іс –шаралары мерзімінде өткізілді. (кіші конференциялар, пікір –сайыстар, дөңгелек үстелдеркездесулер, ашық сабақтар, коучингтер)Интернет желісіне ақпарлар салынды. Химия, физика, биология, география пәндерінің берілісінің ақпары жазылды. Мектептегі дарынды балалармен жұмыс жағдайы зерттеу қызметі сараланып, ақпары жазылды.

Сәуір айында: Мемлекеттік емтиханға дайындық жоспарланды және дайындық жұмыстары жүргізілді.Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық педагогикалық кеңесте талқыланып ақпары берілді.1 сынып оқушыларының  жеке пәндер бойынша білім сапасын тексеру жүргізілді.( ана тілі,математика ) анықтамасы жазылды. Пәндер бойынша қиындық келтірілген оқу мақсаттары бойынша , қосымша сабақтардың ұйымдастырылуы мақсатында жұмыстар жоспарланды және ұсыныстар айтылып, ақпары берілді.

Мамыр айында: 2022-2023 оқу жылында оқушыларды сыныптан-сыныпқа  көшіру бұйрығы, хаттамалары педагогикалық кеңесте айтылды және оның орындалысы тексерілді.Сынып жетекшісінің сынып журналдарымен  жұмысы тексеріліп ескертулердің барлығы ескерілді. Білім алушылардың табельдері шығарылып, қол қойылып жеке іс –қағаздары тексерілді. Негізгі жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жүзеге асырылуы қорытындыланды.Мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстарын ұйымдастырылды және жүргізу,  тестілерін талданды. Оқушылардың сабаққа қатысуын әр тоқсан сайын бақыланып ақпары жазылды. ІІ жарты жылдық бойынша мұғалімдер рейтингісін шығарылды, ақпары  жасалды.2022-2023 жылдарға арналған даму стратегиясының 2023-2023 оқу жылындағы жылдық іс-әрекет жоспары бойынша құрылған жобалардың нәтижесі қортындыланды.