ЛЕТО-2022

Категория: ЛЕТО-2022

«Астана» күніне орай іс-шара

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» жанындағы «Күншуақ» жазғы- демалыс лагерінде 6-шілде «Астана» күніне орай іс-шара өткізілді. Еліміздің бас қаласы Астанамыздың туған күніне орай балалар «Астана» тақырыбында асфальтқа сурет салды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-07-14 15:21:25

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

№5 ЖББ мектебі жанындағы «Күншуақ» жазғы-сауықтыру лагерінде 3-маусым күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Денсаулық Марафоны » тақырыбында спорттық ойындар ойнатылды. Балалар топтарға бөлініп әртүрлі ойындар ойнап, сайысқа түсті. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие @uo_krg @balqas_qalasy_bilim_bolimi

2022-07-13 13:24:48

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» жанындағы «Күншуақ» жазғы-сауықтыру лагерінде 6-маусым күні балалар қаламыздың Орталық саябағына саяхат жасады. Саяхат кезінде балалар саябақтың ескертіштерімен танысты. Әртүрлі денсаулыққа пайдалы ойындар ойнады. #балаларжылы09 #ҚОББтәрбие

2022-07-13 13:23:53

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» жанындағы «Күншуақ» жазғы-сауықтыру лагерінде 17-маусым күні Оқушылар сарайындағы «Балауса» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Ханзада мен ханшайым - 2022» байқауы өткізілді. Байқауға Алимов Адлет және Амелешева Айжан қатысты. Байқау төрт бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңде балалар кешкі сән үлгісін көрсетсе, екінші кезеңде өздерін таныстырды. Үшінші кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, соңғы «Авангард» кезеңінде қатысушылар түрлі материалдардан жасалған киім үлгісін көрсетті. Байқауда 2 бүлдіршін де жоғары деңгейде өздерін көрсетіп, жүлделі III орынмен марапатталды.

2022-07-13 13:22:51

Скачать

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “N5 жалпы білім беретін мектебі” КММ жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс лагерінде 20-маусым күні Оқушылар сарайындағы “Балауса” жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен оқушылар бірнеше қызықты үйірмелерге саяхат жасады. Балалардың үйірмеге деген қызығушылығын арттыру барысында, оларға қосымша ақпарат беріліп, қызықты ойындар ұйымдастырылды.

2022-07-13 13:21:53

Скачать

ПРАВИЛА БЕЗОПАСНОСТИ СТУДЕНТОВ ВО ВРЕМЯ ЛЕТНИХ КАНИКУЛ

Наступили летние каникулы, у детей появилось много свободного времени для прогулок на улице. Мир полон опасностей, но это не значит, что ребенок должен сидеть дома и целыми днями играть в настольные игры и компьютеры, пока у его сверстников есть свобода. Игры, купание в речке, встречи с друзьями, все это связано с движением детей. Поэтому я хочу сказать родителям: побеспокойтесь о безопасности своего ребенка на дорогах. Сделайте летние школьные каникулы вашего ребенка самыми яркими и запоминающимися. Дорогие родители! Поговорите с детьми о правилах поведения на дороге!

2022-07-13 12:17:44

Скачать