Білім беру мекемелерінде сабақтарды тоқтату тәртібі және қашықтықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру 1.1.Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа-райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін: 0-4 сыныптарда: -ау
Білім беру мекемелерінде сабақтарды тоқтату тәртібі және
қашықтықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру 1.1.Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа-райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін:
0-4 сыныптарда:
-ауа температурасы минус 250С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;
-желдің күші 17 м/сдейін және бұрқасынмен болса;
-егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;
5-9 сыныптарда:
-ауа температурасы минус 300С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;
-желдің күші 20 м/сдейін және бұрқасынмен болса;
-егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;
10-11 сыныптарда, кәсіптік лицейларда, колледждарда (1-2 курс студенттері үшін):
-ауа температурасы минус 350С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;
-желдің күші 25м/сдейін және бұрқасынмен болса;
-егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе.
1.2.Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа:
- әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;
- әкімдіктердің диспетчерлік қызметі;
- әлеуметтік желілер;
- білім беру ұйымының, сынып жетекшілерінің немесе білім беру ұйымы әкімшілігінің кезекшілері арқылы хабарлайды.
Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:
Сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін,
сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.