Размер шрифта:

«Тарих серпіні» облыстық семинары

«Тарих серпіні» облыстық семинары

2021 жылдың 22 қарашасында Қарағанды облысы Балқаш қаласының тарих пәні мұғалімдері қатысқан "Тарих серпіні" атты облыстық семинар өтті. Аталған семинарда №2 мектеп-лицейініңтарих пәні мұғалімдеріКәрібжанов Ержан Тұрарұлы, Досыбаев Нұрсұлтан Қалсерікұлы, № 4 мектебініңтарих пәні мұғалімі Мейірханова Мадина Жұмажанқызы, № 17 мектеп-лицейініңтарих пәнінің мұғалімі Ешжанова Әсел Мадельханқызы өз тәжірбиелерімен бөлісті.

    Қатысушыларға ұсынылған ақпараттар білімдерін тереңдетуге көмектесті, өйткені берілген  материалдар қызықты болды. Презентациялар мен бейнесюжеттер жаңа ақпараттарға толы. Семинар тақырыбы толығымен ашылды. Іс-шара мазмұны жағынан ауқымды болды.

Семинар қатысушылары әріптестеріне бөліскен тәжірибелері  үшін алғыс айтып, осы семинардың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларкөптеген пайдалы практикалық ақпараттаралды.

Қарағанды облысы ОӘО тарих мұғалімдерін жетекшілік ететін әдіскер Светлана Карагуловна Тулепбекова Балқаш қаласы тарихы педагогтарының жұмысын  жоғары деңгейде бағалады.

Дата: 23.10.2021, 12:08 Автор: №4 ОМ