"Бала-біздің болашағымыз"

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы жариялаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» деп атап көрсеткен еді. Елбасы осы өзекті мәселені шешуде дуалды кәсіби білім беруді дамытудың маңызды екеніне де назар аударған болатын.Біздің бөбекжайда дуалды оқыту жүйесі бойынша Ә.Мусин атындағы гумантарлы-техникалық колледжімен тығыз байланыста. Колледж студенті Габдоллина Ақтолқын жоспар бойынша кіші топ ата-аналарымен ZOOM арқылы "Бала-біздің болашағымыз"атты тақырыпта жиналыс өткізіп,пікір бөлісті.
Дата: 14.05.2021, 18:49 Автор: Балдырган