"Кішкентай зерттеушілер"

Апталықтың екінші күні эксперименттер күні "Кішкентай зерттеушілер".
Мақсат: Балаларға су туралы мағлұмат беру, тәжрибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Кіші топ тәрбиешісі А.Божанова балалармен экспериментті элементтері бар ҰОҚ "Біз аюға қалай көмектестік?" іздеу қызметінің элементтері бар сабақ өткізді.
Тәрбиеші А.Божанова серуен кезінде іздеу - эксперименттік қызмет "Түрлі - түсті мұздар", "Қарды бояймыз" эксперименттер мен тәжірибелер өткізді.
Тәрбиеші А.Жумашева балалармен сумен және бояулармен "Жасыру және іздеу" тақырыбында тәжірибе ойынын ойнады.

Дата: 11.03.2021, 11:41 Автор: Балдырган