Размер шрифта:

"Қазақстан таланттары" байқауы

23-ші қараша 2019 жылы Балқаш қаласында М.Хамзин атындағы металлургтер мәдениет сарайында "Қазақстан таланттары" атты байқау өтті.
Мақсат: жас таланттыларды анықтау.
Осы байқауға "Балдырған" балабақшасының бүлдіршіндері қатысты. Актерлік шеберлігі үшін Абай Құнанбаевтың "Күз" өлеңін мәнеріне келтіріп айтып Амангелді Ақниет I - ші орынды, би өнерінен Бағдат Көркем, Мақсат Кәусар, Баянхан Айша, Исабек Айзере, Тлеуханова Амина, Тәңірберген Айару, Рахым Ақнұр шеберлік көрсетіп II - ші орын иеленді. Осы бүлдіршіндерді дайындаған тәрбиеші Рахимова Айнагуль Тендыковна және музыка жетекшісі Сергалиева Майра Мурадбековнаға алғыс білдіреміз.

Дата: 26.11.2019, 12:00 Автор: Балдырган