Білім күні
1-ші қыркүйек Білім күні ата-аналар, балалар үшін үлкен мереке. Ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар білім нәрімен сусындататын алтын ұя мектебіне асыға келеді.Оқушылар мен ата-аналар жаңа оқу жылында есейеміз, білімімізді еселейміз, ақылды боламыз деп қуанышпен қарсы алады.
Біздің бала бақшамызда да Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Әсем безендірілген залға Көңілді суретші балалардың түстер, пішіндер туралы білімдерін пысықтады. Жалқаубек те қалыс қалған жоқ. Қонаққа Жалқаубек анасымен келді. Біздің балалардың білімді, ақылдылықтарына қызыққаны сонша Жалқаубек те мектепке барғысы келетінің білдірді. Мереке балалардың әсем әндерімен, мың бұралған билерімен, мағыналы тақпақтарымен жалғасты. Білім күніне арналған мереке балалардың есінде қалатындай көңілді өтті.