Қыс мезгілі.

Қыс мезгілі.

Қыс мезгілі балалардың асыға күтетін уақыты. Күннің аязына қарамай балалар қардан аққала соғып, қар атысып мәре-сәре.Биыл қыс мезгілі өзінің мол қарымен қуантуда. Балабақша тәрбиешілері де қардың мол жауғаның пайдаланып өздерінің бүлдіршіндерін қуанту мақсатында аулада қардан әртүрлі ертегі кейіпкерлерін мүсіндеді. Су патшалығының тұрғындары:көңілді кит,сегізаяқ, акула,ғажайып су асты жұлдызы балаларды таң қалдырды. Сонымен бірге ауладағы қардан жасалған лабиринт пен сырғанақта балалардың ойыны қыза түсті.Беттерін аяз «шымшығанына» қарамай балалар аулада қыс мезгілін қуанышпен, шат күлкілерімен өткізуде.

Дата: 6.02.2019, 20:45 Автор: Балдырган