Размер шрифта:

АЛТЫН КҮЗ

АЛТЫН КҮЗ

Күз жеміс-жидекке,көкөніс пен мол өнімдерге бай ,жомарт мезгіл.Осы алтын күздің құрметіне балабақшамызда «Күз атты ертеңгіліктер апталығы өтті. Мереке басында балалар күз,жеміс-жидек,көкөністер,табиғат құбылыстары туралы жұмбақтардың жауабын тауып тапқырлықтарын көрсетті. Балалар күз мезгілі туралы тақпақтар оқып,би билеп,әннен шашу шашты.Музыка залында күз әуендері шарықтады. Мерекеде балаларға ертегі кейіпкерлері қөнілді қызанақ пен қоян қонаққа келді.Олар балалармен ойындар ойнап, «мол өнімді»жинап алуға көмектесті. Сонымен қатар балабақшамызда ата-аналардың арасында «Ғажайып көкөністер»сайысы өтті.Сайыс ережесі бойынша ата-аналар көкөністен әр түрлі кейіпкерлерді дайындау керек болатын.Сайыс нәтижесінде шебер қолдардан әр түрлі ертегі кейіпкерлері шықты.Атап айтсақ:маймақ аю,қөңілді кірпілер  мен қозылар,пингвиндер «сиқырлы кеме», «ғажайып тоты құс». Қорыта келе айтарымыз біз жомарт,сары алтындай сары күзді ойдағыдай қарсы алдық.


 

Дата: 26.10.2017, 10:18 Автор: Балдырган