9-11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті

9-11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті

 

Балқаш қаласы жалпы білім беретін N16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінде қашықтықтан 18-19 қараша аралығында жалпыға бірдей білім беру пәндері бойынша 9-11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп директоры С.Т.Сыздыкова оқушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. “Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі үшін білім керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт” дей келе, әрі қарай даму үшін  олимпиадаларға қатысудың маңыздылығы туралы айтып, білімнің бәсекелестігінде табысты жеңістер тіледі.

Дата: 20.11.2020, 20:57 Автор: №16 ОМ