Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

29-30 сәуір күндері Алматы қаласында Республикалық ғылыми –техникалық шығармашылық және робот техникасы бойынша IV ашық чемпионат өтті. Қазақстанның барлық облыстары қамтылған чемпионатқа барлығы 210 команда қатысты, 500 –ге таман оқушы. Қатысқан 210 команда ішінен топ жарып «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ-нен екі команда барып бірден екі орынды иеленді.
1. «Бағдарламалық жоба» конкурсының жүлдегерлері «Younger programmers» команда атауымен шыққан 6-«Ә,Б» сыныбының оқушылары Абишова Мадина, Турусбек Ерасыл 3-дәрежелі дипломмен марапатталды, жоба аясындағы тақырыптары «“Jump ойыны” Scratch бағдарламалау тілінде». 
2. «Инженерлік жоба» конкурсының жүлдегерлері «Future energy» команда атауымен шыққан 6- «Б,В» сыныбының оқушылары Амантай Нұрасыл, Аманжолов Уалихан 2- дәрежелі дипломмен марапатталды, жоба аясындағы тақырыптары “Қуатты Қазақстан. Болашақ электромобильді автокөлігі”. Жетекшілері Бекиш Рустем, Омаров Сәтжан. Оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.