«Гүлзар» фестивалі өтті

«Гүлзар» фестивалі өтті

2017 жылдың 29 сәуірі күні мектеп-лицейдің мәжіліс залында оқушылардың өсімдіктер жайындағы білімін кеңейтіп, өлке өсімдігін тануға, зерттеу және пайдасы туралы танымдық ойлау қабілетін дамытуға, оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу мақсатында ІХ-шы дәстүрлі «Гүлзар» фестивалі өтті. Өсімдік өскен ортада тазалық пен бірліктің, жақсылық пен жарқын болашақтың болары сөзсіз. Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің де бойынан тазалық пен бірлік, жақсылық пен үлкен болашақ байқалды.