«Қыран қанатты талант» тақырыбында шығармашылық портрет кеші өтті.

«Қыран қанатты талант» тақырыбында шығармашылық портрет кеші өтті.

22.04.17ж.   №1 кітапхана-филиалында   Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жылдығына орай  «Қыран қанатты талант» тақырыбында шығармашылық портрет кеші өтті. Кешке №15 мектеп-лицейінің 6 Б сынып оқушылары Ә.Сейтжан, Е.Нұрбаева, Н.Магрупбекова, А.Қошанова,Е.Карыжанов, Е.Габдуманат, Н.Ошақбаев, Ә.Көкенай, А.Ермеков, А.Сейтов, А.Қожахметова, М.Жұмыртас, С.Мырзабекова, М.Темировтар  жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, ой ұлылығын жеткізе білген  шығармалары «Қазақ солдаты», «Оянған өлке»,«Ұлпан» романдарынан, «Ер ана» әңгімесінен үзінділер жатқа оқылды. Жастардың жылы лебізі ретінде Бегімбай Назерке Мұхтар Шахановтың “Қаламдас досқа”  арнау өлеңін оқылып,  “Естеліктер сыр шертеді” слайды арқылы мұражайы таныстырылды Танымдық тағлымы мол  кеш әсерлі өтті.