Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы Қарағанды облысының педагог қызметкерлерімен кездесуін мектеп-лицей педагогикалық ұжымы он-лайн режимінде көрді.
2017 жылдың 22 сәуірінде Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы Қарағанды облысының педагог қызметкерлерімен кездесуін мектеп-лицей педагогикалық ұжымы он-лайн режимінде көрді.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Ол үшін білім саласында апробацияға ену, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу.