Мектеп – лицейде 9 сынып ата-аналары және оқушыларымен мәжіліс залында жалпы жиналыс өтті

Мектеп – лицейде 9 сынып ата-аналары және оқушыларымен мәжіліс залында  жалпы жиналыс өтті

         18.04.2017 күні мектеп – лицейде 9 сынып ата-аналары және оқушыларымен мәжіліс залында  жалпы жиналыс өтті. Жиналыстағы басты мәселе: 9 сынып оқушыларын негізгі мектепті аяқтағаннан кейін еңбекке орналастыру.

         Жиналыс модераторы К.А.Бейсекина ата-аналарды Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламасының маңызды бағыттарымен таныстырып,біздің алдымыздағы рухани даму, жаһандық жаңғыру жолында үлкен әрі тарихи міндеттер жүктеліп отырғанын баса айтты.

       Жиналыстың келесі мәселе бойынша қала колледждер өкілдері келіп,оқу орындары  және әлеуметтік  жеңілдіктер туралы мәлімет берді.Директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары Жуматова И.Ж осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.Оқушылардың тәрбиесі және мектеп – лицей ережесін сақтауы жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карина Г.Т тоқталып өтті. Облыстық «Айқын» тест, оның тоқсан сайынғы жетістігі туралы директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары С.К.Омаров ақпарат берді.Жиналыс  соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерменбетова Г.Ө ата-аналарға ОЖСБ және ҰБТ-дағы өзгерістер туралы айтты. Жиналыс сынып жалғасын тапты.