«Қауіпсіз интернет» тақырыбында семинар өтті.
«Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде интернет желісіндегі ресурстарды қолдану жұмысын ұйымдастыру және кіру рұқсатын реттеу мақсатында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2016 жылғы 21 тамыздағы №1 – 9 /512 хаты негізінде жауапты тұлға тағайындалып, комиссия құрылды.
Мектеп – лицейімізде интернет желісін қолдану ережесі қабылданып,оқушыларға, мұғалімдерге интернет желісіне кіру уақытына кестесі және тыйым салынған немесе шектеу қойылған интернет ресурстарының тізімі бекітілді. Интернет желісіндегі ресурстарға кіру рұқсатын бақылау үшін мектеп – лицейде информатика оқу бөлмелерінде компьютерлерге «Small Proxy» және Интернет – цензор бағдарламалары орнатылып, тыйым салынған контенттерді тіркеу журналы қолданысқа еңгізілді. Бұл бағдарлама арқылы интернеттегі жағымсыз сайттарға шектеу койылды. Сонымен қатар мектеп-лицей кызметкерлерін интернет желісін қолдану ЕРЕЖЕЛЕРІ таныстырылды.