Облыстық он-лайн
2017 жылдың 6 сәуір күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ-де химия пәнінің мұғалімі Ахметова Асем Кажмуратовна 9 сынып оқушыларымен«Оттекті органикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы, метанол, этанол» тақырыбында облыс деңгейінде он-лайн режимінде ашық сабақ өткізді. Оттекті органикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерін біле отырып, молекулалық байланыстың ерекшелігін түсіну және спирттер туралы білу мақсатында өткен он-лайн сабақты көруге облыс бойынша 80 мектеп қатысты. Химия пәнінің мұғалімі Ахметова Асем Кажмуратовна үш тілді еркін меңгерген, «British Council» халықаралық білім беру ұйымының курсын тәмамдаған жас маман ашық сабақты заман талабына сай үйлестіре алды. Биология, ағылшын тілі, орысы тілі пәндерімен байланыстыра отырып, оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, «Ақылды доп», «Ойлан- жұптас-бөліс», «Досыңды бағала» стратегияларын, «Жанбайтын орамал» тәжірибесімен қатар, «Quiz maker» бағдарламасын тиімді пайдаланды. Топппен жұмыс барысында үштілде еркін сөйлей отырып, пікір таласып, өз ойларын ашық айта білді. Сабақ соңында оқушылар заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігін білді, негізгі ерекшеліктерін ажырата алды, спирттердің гидроксил топтарының санына байланысты біратомды және көп атомды болып бөлінетінін ұғынып, этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттерін түсінді. Ашық сабақ тартымды өтті.