«Көшбасшы және жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі тарихи шығармалардың маңызы» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

«Көшбасшы және жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі  тарихи шығармалардың маңызы» тақырыбында  шеберлік сағаты өтті.

2017 жылдың 17 наурыз күні Қарағанды облысы әкімінің білім беру саласында сыйақысын тағайындау байқауының  2014, 2015, 2016 жылдардағы лауреаттары, республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары өткізетін  он-лайн сабаққа «Балқаш қаласының №15 мктеп лицейі»КММ-ненАдам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі К.Ш.Дубирбекова қатысып ІҮ кезеңі бойынша   Қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын көркем-тарихи әдебиеттер, тарихи құжаттар арқылы қалыптастырып,  шығармашыл,  ой-өрісі жоғары жеке тұлға «көшбасшы» дайындау; мақсатында 9-10 сынып  көшбасшы оқушыларымен «Көшбасшы және жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі  тарихи шығармалардың маңызы»    тақырыбында шеберлік сағат өтті. Шеберлік сағатқа қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәнінің ұстаздары қатысып, өз ойларын ортаға салды. Облыстық он-лайн режимінде өткен л іс-шараны көруге  жалпы 36-дан астам  мектеп қатысты. Нәтижесінде оқушылар бойынан  көркем шығармаларды оқи отырып тарихи фактіні ойына ұзақ сақтау; оқушыны ізденгіштікке, еңбектене білуге, өзіне қажетті ақпаратты алуға; тарихи мәселені терең, әрі дұрыс түсінуіне мүмкіндік болғанын байқалды. Түйген ойына сәйкес, бүгінгі өмірге байланысты тұжырымдар шығарып, моральдық-адамгершілік тәлім алды; Қандай көркем шығармалар бар, авторлары кім, қандай жағдайда жазылды, оның негізгі идеясы мен мәнін біліп, таниды, ажыратады; Тарихи-әдеби көркем шығарма оқушының тарихи мәселені түсіндірудегі ойын тартымды да көркем тілмен, көңілге қонымды баяндалуына қолайлы жағдай туғызады; эстетикалық, рухани, мәдени тәрбие алды; Оқушылардың өз халқына, Отанына деген патриоттық сезімі күшейе түсті. Ең бастысы шеберлік сағатта пән аралық байланыстың басымдылығы көрінді. Шеберлік сағат соңынан аса белсенділік танытқан оқушылар арнайы сертификатпен марапатталды.