Қалалық аналар кеңесінің мүшелері «Ұлы Даланың ұлы қыздары - мақтанышымыз» тақырыбымен бас қосты

Қалалық аналар кеңесінің мүшелері  «Ұлы Даланың ұлы қыздары - мақтанышымыз» тақырыбымен бас қосты

17.03.2017 күні  «Балқаш қаласының№15 мектеп - лицейі» КММ – де  қалалықаналар кеңесініңмүшелері  «Ұлы Даланың ұлы қыздары - мақтанышымыз» тақырыбымен бас қосты.

Мақсаты:Ұлы Даланың ұлы қыздарын үлгі ету, аналар, қыздар клубының жұмысын жандандыру.

Балқаш қаласының «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.М. Секербекова,қалалық аналар кеңесінің төрағасы Сыздықова Ш.Р, қала колледждерінің және мектептерінің аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

Оқу орындарындарындағы  аналар кеңесінің және қыз балалар клубының атқарып отырған жұмыстарына қысқаша баяндама жасады.Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, қыз баланы тәрбиелеуде аналардың алар орны ерекше екенін атап өтті.