«Мәңгілік Ел» жалпыұлтты идеясын «Көшбасшылар мектебі» арқылы насихаттаудың жұмыс формаларын көрсету мақсатында «Мұғалім көшбасшылығынан оқушы көшбасшылығына» атты №4 семинар өткізілді.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлтты идеясын «Көшбасшылар мектебі» арқылы насихаттаудың жұмыс формаларын көрсету мақсатында «Мұғалім көшбасшылығынан оқушы көшбасшылығына» атты №4 семинар өткізілді.

Семинарға қала мектептерінің координаторлары, үш бағыт бойынша жұмыс жасап отырған жауапты мұғалімдер және әрбір мектептің көшбасшы оқушылары қатысты. І бөлімде «Мұғалімнің көшбасшылығынан оқушы көшбасшылығына» тақырыбында мектеп- лицей директоры К.Ш.Дубирбекова оқу тәрбиенің бірізділігін айтты. Семинардың ІІ бөлімінде көшбасшылар мектебінің оқушылары НЗМ тәжірибелерін таратуда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын «Шаңырақ» топтарының зерттеу жобалары арқылы насихаттады. ІІІ бөлімде жаратылыстану –математика бағыты бойынша CLIL әдісін А.Т .Садвокасова, Тілдер бағыты бойынша 4 дағдымен жұмысты Ш.Ш.Сатенова оқыту семинарын өткізді. Мектеп-лицейде физика, информатика пәнінің мұғалімдері «British Council» аяқтап отырған С.С.Сулейменова, С.К.Омаров өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «Табысқа жетудің бір ғана жолы- кітап оқу» тақырыбында кітапхана бөлімі НЗМ тәжірибесіне сүйене отырып тренинг ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар кері байланыс кезінде іс- тәжірибемен амасу семинарынан алған әсерлерімен бөлісті.