«Мәңгілік Ел: Ұлы даланың ұрпақтары» атты сыныптан тыс этно-зияткерлік сайысы өтті.

«Мәңгілік Ел: Ұлы даланың ұрпақтары» атты сыныптан тыс  этно-зияткерлік сайысы өтті.

        Қарағанды облысы әкімінің білім беру саласында сыйақысын тағайындау байқауының  2014, 2015, 2016 жылдардағы лауреаттары, республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары өткізетін  он-лайн сабаққа «Балқаш қаласының №15 мктеп лицейі»КММ-ненАдам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі К.Ш.Дубирбекова қатысып ІІ кезеңі бойынша 14.02.2017 күні  оқушылардың арасынан озық ойлы зиялы, дарабоз топты анықтай отыра, көшбасшылық қабілетін арттыру мақсатында 9 сынып оқушыларымен «Мәңгілік Ел: Ұлы даланың ұрпақтары» атты облыстық он-лайн режимінде сыныптан тысэтно-зияткерлік сайыс өткізді. Он-лайн режимінде өткен іс-шараны көруге  жалпы 70астам  мектеп қатысты. Этно-зияткерлік сайыс 5 кезеңді қамтыды. Атап айтсақ

     Іріктеу кезеңінде  «Білімді ел-Мәңгі Ел» тақырыбындаңы тікелей сұрақтар арқылыоқушылар топқа  іріктелді.

І кезең- «Тарих тілінде сөйлейік» (тарихи сынақ хат) 

ІІ кезең- Бейнесұрақтар (қалалық мұражай, мектеп-лицейішілік шеберхана  мен орталықтардан) 

ІІІ кезең-«Жерұйық» (Глобус, карта, Балқаш қаласының 80 жылдығы)

ІV кезең -«Kahoot» сергіту сәті

       V кезең - «Дарабоз» көшбасшылар сайысы

      Сайыста ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділіктерін көрсете білген «Ұлы даланың қырандары» және «Ұлы даланың ұландары» топтары өз көшбасшылықтарын көрсете білді.Жетелеуші және  оқушының жақын даму аймағынан  (троектория) қойылған бейнесұрақтар оқу-тәрбие үрдісінің бірізділігін көрсетті.«Expert» тобында мектеп-лицейіміздің олимпиада жүлдегерлері 11А сынып оқушысы Г. Берліғалиева, 10А сынып оқушысы Т. Қасқабайұлы және 9 сынып көшбасшылары С.Кенжебекова, Т.Сессиева   әділ бағаларын бере отырып, сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Ұлы даланың ұландары» тобына табыстады. Этно-сайысқа белсене қатысқан оқушылар арнайы алғыс хатпен марапатталды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтарды іске асыруда «Білімді ел-мәңгі ел»  ұстанымы арқылы ұлтымыздың ұлы армандарын жүзеге асырайық.