«Ұлы даланың ұлы қыздары» атты шағын жоба қорғау сайысы өтті.

«Ұлы даланың ұлы қыздары» атты шағын жоба қорғау сайысы өтті.

2017 жылдың 3 ақпаны күні «Парасат» аналар мектебі мен «Қыз Жібек» қыздар қауымдастығының «Қазақ Аруы» бағдарламаның жоспарына сәйкес, қауымдастықтың жұмысын жандандыру, қазақ халқынан шыққан қазақ қыздарын дәріптеу, көшбасшылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлы даланың ұлы қыздары» атты шағын жоба қорғау сайысы өтті. Жобаның қонақтары ретінде қалалық «Пульс» газетінің тілшісі Қ.Сәденов, «Парасат» аналар мектебі мүшелерінен Р.С.Сламбекова, С.Қ.Қожахметова әділ-қазылар алқасында болса, мектеп-лицей аналары көрермен ретінде қатысты. Сайысқа 4-5 сынып қыз балаларынан 27 оқушы қатысып, 7-9 сынып қыз балаларынан 27 оқушы тәлімгерлік жасады.Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені «Тұмар ханшайым» бейнесін сомдаған 4В сынып оқушысы А.Алтымбекова, ІІ орынды А. Ерханқызы, «Қыз жібек» бейнесін сомдаған 5Г сынып оқушысы Н.Несіпбаева, ІІІ орынды К.Бәйсейітова бейнесін ашып көрсете білген 5Г сынып оқушысы Е.Тілек иеленді.