2017 жылдың 21 қаңтарында мектеп-лицейімізде сағат 12.00-де Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы А.Аймағанбетовтың төралығымен онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы өтті.
2017 жылдың 21 қаңтарында мектеп-лицейімізде сағат 12.00-де Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы А.Аймағанбетовтың төралығымен онлайн режимде облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Онлайн жиналысының күн тәртібіндегі:
1. «Қауіпсіз балалық шақ»:Интернеттің қаупі қандай және балаларды қажет емес ақпараттан қалай қорғаймыз деген сұрақтарды модератор ретінде білім басқармасының басшысы А.Аймағанбетов толықтырып отырды.
-Балаларды жол қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша басшы орынбасары Ахметкаримова Г. К толықтырды.
Біздің балаларымызды дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай қорғаймыз сұрағы төңіренінде Р.М.Сыздыков толығымен айтып өтті.
2. Білім берудің жаңартылған мазмұны дегеніміз не және жалпы орта білім беру жүйесінде қандай өзгерістер орын алуда деген сұраққа басшының орынбасары Адикенова Б. Н., жауап берді.
ҰБТ-ның жаңа форматы, "Edumark" қосымшасы, электронды күнделікпен қалай жұмыс істеу керек жəне «Айқын» тестісі не үшін өткізілетіндігі туралы оқу әдістемелік орталығының директоры Г.Ш.Қожахметова жан-жақты талдап, нақты ақпараттар берді.
Жалпы облыстық жиналысқа 142 ата-ана мен 10-11 сыныптан 51 оқушысы толығымен қатысты.Жиналыс соңына қарай мектеп-лицей директоры ата-аналарға күн тәртібінде қозғалған сұрақтар жайлы толықтырып кетті. Кері байланыс кезінде ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды жəне өз пікірлерін ақ қағаз бетіне қалдырды.