«Мұғалімнің кәсіби дамуы- білім беру жүйесін жаңартудың негізі» магниттік мектептер үшін іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті.
2016 жылдың 21 желтоқсан күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де оқу жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуына септігін тигізетін даму стратегиялары бойынша іс-әрекеттегі зерттеу мақсатында магниттік мектептер үшін «Мұғалімнің кәсіби дамуы- білім беру жүйесін жаңартудың негізі»тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті. Үш секциядан тұратын бұл семинарға білім бөлімінен магниттік мектептердің координаторы Ж.А. Айтжанова және қаланың 9 қазақ тілді мектептерінен 60 мұғалім қатысты. Семинардың іс-әрекетті зерттеу бөлімінде «Тәжірибедегі рефлексия» курсына қатысушы 13 мұғалім жаңа форматты жүйеде оқу үрдісіне жеті модульді ықпалдастыра отырып, ашық сабақтар өткізді.
Дата: 22.12.2016, 8:36 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі