Размер шрифта:

«Мұғалімнің кәсіби дамуы- білім беру жүйесін жаңартудың негізі» магниттік мектептер үшін іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті.

«Мұғалімнің кәсіби дамуы- білім беру жүйесін жаңартудың негізі» магниттік мектептер үшін іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті.
2016 жылдың 21 желтоқсан күні «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-де оқу жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуына септігін тигізетін даму стратегиялары бойынша іс-әрекеттегі зерттеу мақсатында магниттік мектептер үшін «Мұғалімнің кәсіби дамуы- білім беру жүйесін жаңартудың негізі»тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті. Үш секциядан тұратын бұл семинарға білім бөлімінен  магниттік мектептердің  координаторы Ж.А. Айтжанова және  қаланың 9 қазақ тілді  мектептерінен 60 мұғалім қатысты. Семинардың іс-әрекетті зерттеу бөлімінде «Тәжірибедегі рефлексия» курсына қатысушы 13 мұғалім жаңа форматты жүйеде оқу үрдісіне  жеті модульді ықпалдастыра отырып, ашық сабақтар өткізді.