2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты саптық жиын өтті.

2016 жылдың 15 желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты саптық жиын өтті.

2016 жылдың 15 желтоқсанында  оқушылардың бойында патриоттық тәрбие мен өзін- өзі жетілдіруге деген құштарлық, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінде 25 жылда жеткен жетістіктерін дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты салтанатты саптық жиыны өтті.

  Салтанатты саптық жиынындамектеп – лицейіміздің   директоры Дүбірбекова Қарлығаш ШәкәрімқызыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл аясында «25 жұлдызды күн»  атаулы мерекесінде  белсене қатысқан  сынып ұжымдарын І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сонымен қатар қалалық мерекелік іс-шараларға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларды алғыс хатпен марапаттады. 

Мерекелік салтанатты саптық жиынға мектеп-лицейіміздің ардагер ұстаздары  Несіпқайша Ғылымжановна, Мадияр Аскарұлы, Надежда Николаевна, сондай-ақ әкелер кеңесінің мүшесі Аязбаев Мұратбек Жолдасбекұлы мен әжелер кеңесінің мүшесі Терлікбаева Дәкен Шәйкенқызы қатысып, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.