«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу» атты семинар-кочуинг өтті.

«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу» атты  семинар-кочуинг өтті.

      Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінде 12 желтоқсан күні  «Білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу» атты семинар –коучинг өткізілді.Семинар-коучингке мектебіміздің 1 және 4 сынып мұғалімдері , мектеп әкімшілігі  сонымен қатар БАҚ өкілдері келіп қатысты.Семинар- коучингті ұйымдастырудағы басты мақсат: Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау үрдісінің қадамдарына тоқталу   болатын.Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: бастауыш мектептің пәндері бойынша оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер, білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жиынтық бағалаудың нәтижелерін модерациялау, оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу.

      Семинар  барысында сөз алған мектеп-лицейдің директоры Қарлығаш  Шәкәрімқызы жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылатындығын, сонымен қатар  жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу екендігін баса назарда ұстау керектігін айтып өтті.

    Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті  тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану заман талабы болып отырғандығына тоқталды.

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру, бағалау критерийлерін мен тапсырмаларға дескрипторларды жазу сынды жұмыс бағыттары бойынша әріптестерімен  пікірталас ұйымдастырды.

      Семинардың келесі бөлімдері бойынша директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Г.Ө Ерменбетова білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушыларды оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша айтып өтті.1сынып мұғалімдері: Сатыбалдина Г.Х. , Жакупова Ш.Т., Күшелекова М.К,  және Мырзанбек Б.Қ өз кезектерінде сөз алып ,жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен қалыптастырушы бағалау жүйесінің қалай іске асырылып жатқандығы жайлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.