Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған бірінші қазақ математигі Әлімхан Ермековтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ғылым әлеміне қадам» бойынша қалалық «Брейн-ринг» ойыны өтті

2016 жылдың 12 желтоқсанында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, логикасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған бірінші қазақ математигі Әлімхан Ермековтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ғылым әлеміне қадам» бойынша қалалық «Брейн-ринг»  интелектуалды сайыс ойыны өтті. Брейн-рингке  математика пәнінің мұғалімі, ардагер Қоңыртай Иманбекович Иманбеков, Аскарова Зоя Есентасовна   қатысты. Сайысқа қазақ мектептерінен төрт команда , ал орыс мектептерінен екі команда қатысып, өз білімдерін көрсетті. Әділ қазылық еткен Белоусова Ирина Василевна, Майраш Кабылбековна Тлеулина, Антипова Виктория №17 орта мектебінің оқушысы болды. Сайыс нәтижесінде «Алғыр» және «Архимед» топтары арнайы дипломмен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.